Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Табиғатты аялайық»
29-04-2008 18:00

Сәуір айының оныншы жұлдызында мектебімізде экология мәселелеріне байланысты сынып сағаттары өткізілді. Осыған орай 6 қазақ сыныбында «Табиғатты аялайық» атты тәрбиелік шара өтті. Осы шара аясында оқушылар табиғаты қорғау мәселелері жайында пікір алысты, шағын шығармаларын оқыды.

Қонақбаева Р., Асылбек Ж., Петрова К. тақырыпқа сай шағын көрініс жасап, балаларға проблемалық ой тастады. Сонда әр балада: «Мен табиғатты қорғау ісіне қандай үлес қоса аламын?» деген сауал туындап, барлығы бірлесе жауап іздеді, пікір алысты. Сынып сағатының соңында балалар топ-топқа бөлініп, экологиялық тақырыпқа сурет салды.

Сабақ тартымды, қызықты формада өтіп, өз мақсатына толық жетті. Ең бастысы, жылдан-жылға шиеленісе түсіп, адамзаттың болашағына қауіп төндірген мәселе- қоршаған ортаның ластануына балалардың назары аударылды. Туған жерін аялайтын, саналы азаматтарды тәрбиелеуде осындай шаралардың маңызы орасан зор.

Ахметова Ж.С.