Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: ул.Береговая, 60/1
318415, 318416, 318408
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 17.00 до 19.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
XXІ – ғасыр көшбасшысы
25-04-2013 03:40
XXІ – ғасыр көшбасшысы
     24 сәуір күні Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың Қазақстан Республикасының тәуелсіздік шежіресін, қазақ елінің қалыптасуы мен дамуына атсалысқан тұлғаларды білу, қазақ елінің қазіргі кезеңге дейінгі тарихын білу, оқушылардың өз еліне деген патриоттық сезімін одан әрі дамыту мақсатында география және тарих пәндерінің мұғалімдері Абдрахманов Жігер Тілек ұлы мен Нұралин Рүстем Бейбіт ұлының ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Оқушылар өз елінің тарихы жайлы сыр шертіп, әдебиет, жаратылыстану ғылымдары жөнінде өз білімдерін толықтырды. Ойын басталмас бұрын оқушылар топтың атын, ұранын және эмблемаларын ортаға салды және де, ойынға әділ баға беретін әділ-қазылармен таныстырылды. Ойын арасында 8-9 сыныптар арасынан өз өнерлерін көрсетті. 8 сынып оқушылары көріністерін көрсетіп, Талап Айгерімнің орындауында «Туған жер» атты тамаша ән орындалды, 9 сынып оқушылары «Ерке сылқым» күйі мен «Қара жорға» биін билеп өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар білімдерін толықтырды. Ойын соңында әділ-қазы алқасы оқу-тәрбие істерінің меңгерушісі Ережепова Бибігүл Махмед қызы мен Нұралин Рүстем Бейбіт ұлы ортаға шығып ойын жеңімпаздарын атады. Ойын қорытындысы бойынша 9 сынып 18 ұпаймен алға шығып, жеңімпаз аталса, 8 сынып оқушылары 17 ұпайды қанағат тұтты.