Қаламыздың көрікті жерлеріне саяхат
«Радуга» мектеп жанындағы лагерінде балалар қаладағы мәдени және ойын-сауық орындарына шығуды асыға күтеді. Лагерь оқушыларының қалаға шығуына ауыл әкімдігі ат салысады. Отрядтар кезек-кезекпен күн сайын мәдениет орындарына экскурсияға шығып тұрады: «Нептун» хауызы, М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы, Павлодар қаласының № 1 музыкалық мектебі, қала саябағы, кинотеатрлар, мұражайлар және т.б. «Нептун» хауызына барған кезде дене шынықтыру мұғалімі балаларды суда жүзуге үйретті. Музыка мектебінде өткізілген концертке көрермен ретінде барған оқушылар дарынды балалардың талантына таң қалысты. Ертіс өзенінің жағалауында қыдырып, теплоходпен туған жердің сұлу табиғатын тамашалады. Алда әлі де балалар баратын қаламыздың көрікті жерлері жетерлік...