Қазақстанның Қызыл кітабы
Өткен аптада «Гринпис»отряды мүшелері үшін танымдық шара өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, өсімдіктер, құстарға тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.
Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.
Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.Балалар Қызыл кітаптағы жануарлар туралы аңыз-әңгімелер тыңдап, өлеңдер оқыды, жұмбақтар шешті. Сонымен қатар отряд мүшелері мектеп жанындағы тәжірибе учаскесіндегі өсімдіктермен танысты. Мектеп аулысының шеткі бұрышынан балалар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бір өсімдік тауып алды. Ол селеу болып шықты.

«Гринпис»отряды штабы