Жазғы орманда серуендеу
Табиғат сәні – орман-тоғайлар. Адам өмірінде орманның маңызы зор. Олардың маңызы тек құрылыс материалдарымен шектеліп қалмайды. Орман өзен мен көлдердегі судың мөлшерін реттеп отырады. Ондағы өсімдіктер топырақтарын ретсіз бұзылуынан және бүлініп кетуінен сақтайды.
Отряд мүшелері орманға серуендеп қайтты. Орманның ауасы таза, іші салқын. Орманның тазалық және тәрбиелік мәні зор. Орман – аң мен құстардың таңдаулы мекені. Ауылымыздағы Ертіс су қоймасының жиегінде отырғызылған жасыл желекті орман алқаптары елді мекенге көрік беріп қана қоймай, ауаны түрлі газ, шаң-тозаңнан сақтайды. Жасыл желек көп болса, денсаулыққа да жақсы, өсімдікке ықпалы зор.
Табиғи орман, тоғайлар, қолдан отырғызылған орман алқаптары, жол бойындағы көшелердегі жасыл ағаштар мен алуан түрлі өсімдіктер осылардың бәрі де біздің жасыл достарымыз, жасыл сақшылар. Сондықтан әрбір оқушының ағаштарды мұқият сақтап, оны ретсіз сындырушыларға жол бермей, табиғатты белсене қатыса білуі шарт.
«Гринпис»отряды мүшелері