Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС
11-11-2013 09:53
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС
      М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы балалар үшін өз есігін айқара ашты. Оқушылар Сарайы қарашада өз туған күнін атап өтпекші. Аталған мереке аясында балаларға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылмақшы: мерекелік концерттер, танымдық-ойындар, ойын-сауық бағдарламалары, отырыстар, теренингтер, экскурсиялар....
   Күзгі демалыс кезінде мектеп оқушылары Оқушылар Сарайына барды.
    Балалар мұражай тарихымен танысып, ондағы Ұлы Отан Соғысымен байланысты экспонаттарды жинауға өздері сияқты балғындардың көмектескендігі жайында білді. Мұражай қорын толықтыруға ҰОС ардагерлері де ат салысқан. Соғыс кезінде жазылған естеліктер, хаттар, фотосуреттер, марапаттаулар әлі күнге дейін сақталған.
    Балалардың көпшілігі соғыс кезінде жазылған хаттарды, құжаттарды, басқа да заттарды көріп таң қалысты.
     Сонымен қатар оқушылар «Эко – мир»  үйірмесінің жетекшісі И.Н.Матвеевамен кездесті. Жетекші балаларды үйірме жұмысымен таныстырып, ондағы мекендеушілерді үйірме мүшелерінің қалай күтіп баптайтындығы жөнінде айтты. Экскурсия өте қызықты және танымды болды.