Павлодар а. – Мичурин а. бағыты бойынша марш-жүгіріс
Туризм – маңызды іс, саяхатқа шыққанда төзімді болу үшін түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу керек. Павлодар ауылы мен Мичурин ауылының арасында бірегей табиғи құбылыс бар. Ол – топырақты қыраттар. Бүгін «Олимп» отряды мүшелері осы қыраттармен Мичурин ауылына саяхатқа шықты. Ауылымыздан 10 шақырымдай жерде орналасқан Мичурин ауылына балалар тез жетті. «Жас туристер» жол бойы төзімділік таныта білді және көптеген қызықты жайттарға тап болды... Балалар Ертіс өзенінің алқабын тамашалап, өңіріміздің ластанған жерлерін суретке түсіріп алды.