Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Радуга» мектепалды лагері1-ші кезеңінің жабылуы
23-06-2014 09:00
«Радуга» мектепалды лагері1-ші кезеңінің жабылуы
     1-ші кезеңнің жабылуына тәрбиешілер балаларға тосынсый дайындады: ең кішкентай балалардың «Карабас» ойын орталығына, ал үлкенірек балалардың өзен портына шығуы, оларды теплоходпен қыдыру күтіп тұрды. Бұл хабарды балалар қуана қарсы алды, себебі ата-аналар өздерінің балаларын осындай демалыспен жиі еркелете бермейді. Лагерьге келген соң барлығын дәмді түскі ас, тәтті сыйлықтар, мадақтама қағаздарын ұсынумен қорытындылау күтіп тұрды. Тәрбиешілер отрядтар ішінде спорттық және музыкалық бағыттары бойынша қорытынды шығарды. Ең үздік спортшылар, әншілер, бишілер, белсенділер, ұқыптылар және басқа да номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Кезең ересектер мен балалардың өзара бірлесе қызмет атқаруының арқасында сәтті болды.  1 кезеңде балалардың демалысын ұйымдастырған тәрбиешілерге  З.К.Түрегельдиноваға.
А.Хажымға, А.С.Сәрсембековаға
О.В.Назаренкоға, Ж.Х.Хайдароваға
В.И.Кутышеваға, Л.А.Рейдинаға
    А.А.Осадчаяға, А.А.Бегельдиноваға үлкен алғысымызды бідіреміз:
Болашақ бірінші сыныптарға арналған  «Білімпаз» мектебі жүргізілген отрядтар тәрбиешілері С.Әлімханға, Н. И.Цыгулеваға, А.В.Тюринаға, барлық кезең бойы ойын-сауық іс-шараларымен бірге балалардың мектепке дайындығымен айналысқандары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Мейірбике : Т.В.Ващенковаға,
Дене-шынықтыру мұғалімі: Қ.Р.Жетпісовке,
     Т.П.Чумаринаның жетекшілігімен асхана қызметкерлері құрамына, сонымен қатар техникалық қызметкерлер құрамына алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше!