Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ДЕМАЛЫС, ДЕМАЛЫС - КӨҢІЛДІ ШАҚ!
25-08-2014 05:59
ДЕМАЛЫС,  ДЕМАЛЫС  - КӨҢІЛДІ ШАҚ!

 

     28 шілде - 15 тамыз аралығында мектебімізде  «Көшбасшы» бейіндік отряды  жұмыс істеді. 23 оқушы демалып, өз денсаулықтарын нығайтуларына  мүмкіндік алды. Отряд оқушыларының  басшылыққа алған қағидалары: үнемі көтеріңкі көңіл-күйде болу, әр күнді тиімді өткізу, тонның ішкі бауындай ұйымшыл ұжым бола білу. Олар біріге отырып, түрлі ойын, конкурс, сайыс, серуендерді ұйымдастырып, бассейн мен өзенде шомылды, кинотеатрға барды, қалалық саябақта демалды. Баянауылға 3 күндік саяхат балалар  үшін  аса қызықты өтті. «Көшбасшы» отрядында оқушылар керемет әсер алып, жаңа оқу жылына ерекше серпіліс алды.