Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Алғашқы сенбілік»
11-04-2010 18:00

10 сәуір күні біздің № 40 ЖОМ -де Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына байланысты «Біз ауламызды таза ұстаймыз» атты ұранмен көктемгі алғашқы сенбілік болып өтті. Ашылу салтанатын мектеп директоры Әндіржанова Балнұр Манапқызы сөз сөйлеп, оқушыларды алғашқы сенбілік күнімен құттықтап, жұмыстарынның табысты, әрі сәтті өтуіне тілек білдірді.

Сенбілікке мектебіміздің жалпы 4- 11 сыныптары жаппай қатысып, әр сынып өздеріне бөлінген үлескіні тазалап соңынан арнайы комиссия мүшелерінің бағалауынан соң барып оқушылар жақсы көңіл- күймен тарады.

5-6 «а»- сыныптарына берілген аймақтарды, оқушылар бар ынта- жігер мен талпына, қабақ шытпай ойнап күліп жұмыстарын атқарды.

Оқушылардың ойынша мектеп ауласының таза, әрі әсем болып тұруы және оған жағдай жасайтын өздері екенін жақсы біледі.

Жаңа мектебімізде өте әдемі, әрі таза оған балаларымызда әрқашанда әдемі қалпына ұстауға тырысады.Келешекте осындай атқарылатын іс шаралардың жиі өтетініне сенімдіміз

Бастауыш сынып мұғалімі

Каленова Айгүл Айтжанқызы