Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Екі жұлдыз-2016 »
15-10-2016 05:19
«Екі жұлдыз-2016 »

2016 жылғы 15 қазанда Естай атындағы Мәдениет үйінде төртінші жыл сайын болатын «Кішкентай ханзада» мюзиклімен «Екі жұлдыз-2016» қайырымдылық шоу-жобасы өткізілді. Жоба ұйымдастырушысы – Павлодар облысының іскер әйелдер 200-ден аса әртістердің қатысуымен үлкен шоу ұсынды. Антуан да Сенттің повесі бойынша «Кішкентай ханзада» сахнасын әуендете отыра жобаның қатысушылары – жұлдызды дуэттер, трио, квартет вокалды және би ұжымдарымен бірге Мейірімділік гүлін іздеді. Түрлі ғаламшарларда болып мейірімділік гүлін іздер әртістер әлемді біраз бақытты, мейірімді, қайырымды ете түсті. №40 ЖОББМ «Акварель» би ұжымы (жетекшісі С.А.Зубкова) жыл сайын бұл жобаға қатысады және биыл да шеткері қалмады. Концертте 22 ән орындалды, оның екеуін ансамбль өздерінің билерімен әрлендіре түсті. Бұл Павлодар ауылынң әкімі И.В.Фогельдің орындауындағы «Твори добро» әні мен АДЖК мүшесі Наталья Тягнибедтің орындауында «Песня царевны Забавы» әні. «Екі жұлдыз-2016» жобасы үлкен қауымды жинады, бұл күні жүздеген адамдар қымбат емді қажет етіп отырған екі павлодарлықтар сәбилерді қолдады. Жиналған барлық қаражат ата-аналарына берілді. Біз «Екі жұлдыз» шоу-жобасына қатысқанымыз үшін және өз салымымызды енгізіп, игі іс жасағанымыз үшін қуаныштымыз. Мұндай орасан зор жобаға қатысу біз үшін есте қаларлық үлкен тәжірибе мен қуаныш!