Біздің жеріміздегі Заң
Біздің мектепте 7,8,9 сынып оқушыларымен «Біздің жеріміздегі Заң» атты дөңгелек үстел өткізілді. Отырыста мектеп инспекторы кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы ақпаратымен сөз сөйледі. Сонымен қатар отырысқа мектеп психологы қатысты. Ол балалармен бірлесе жасөспірім өмірінде кездесетін жағдайларды шешті. «Фемида» құқықтық үйірмесінің жетекшісі мемлекеттің құқықтық нормалары туралы ақпаратын ұсынды. 8 «Б» сыныбының оқушылары тәжірибелік жұмыстары арқылы құқықбұзушылықтың түрлері мен олардың жауапкершіліктерін көрсете алды.