Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
22-07-2016 10:30
Салауатты өмір  салтын қалыптастыру

Мектеп жанындағы жазғы «Кемпірқосақ» лагерінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Мектеп медбикесі Т.В Ващенкова осы мақсатпен күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы , жеке гигиена ережелері,күн сәулелерінің пайдасы мен зияны , бала ағзасының сусыздануының алдын алу туралы сұқбаттар өткізді. Дене шынықтыру мұғалімі К.РЖетпісовтің басшылығымен таза ауада спорт сағаттары мен жаттығулар өткізілді. «Олимпиада ойындары», «Зоологиялық жүгірістер», «Көңілді старттар «Ең-ең!»лагерінің рекордтар кітабы оқушылар көңілінен шығып, ең қызықты деп аталды.

2016 жылдың 2 - маусымындағы лагердің рекордтар кітабы беттерінің бірі:

*ең күшті Иванов Костя(б), Данилкина Лера қ;

*ең жылдам Андрусенко Данил(б), Данилкина Лера(қ);

* ең қырағы Андрусенко Данил (б), Петухова Аня (қ);

* ең төзімді Тазиев Диас (б), Фоменко Вера (қ).

Балалардың бос уақытын өткізу кешені «Нұртас» пен ауыл кітапханасына жүргізілген жаяу саяхаттар балалардың төзімділігін дамыту және күн мен ауа ванналарын алуға ықпал етті. Түстен кейінгі қатты ұйқыға түске дейінгі өткзілген белсенді шаралар мүмкіндік берді. Аяқтарын жуу мен шаю балаларды шынықтыра түсті. Ауыл кітапханасымен бірлесе « О, спорт! Сен – өмірсің!» деген шара өткізілді. Бұл шара барысында балалардың қырағылығы, тапқырлығы, әл -қуаты жарысқа түсіп қана қоймай , белгілі спортсмендер мен олар туралы кітаптарды біліп, спорт туралы викторинаға қатысты. Ұлдардың футбол туралы білімі , қыздардың жұмбақтарды тез шеше алатындығы қуантты.