Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар облыстық көркемөнер мұражайына саяхат
13-07-2016 10:17
Павлодар облыстық көркемөнер мұражайына саяхат

Мектепішілік «Радуга» лагерінде ойын-сауық шараларымен қатар, эстетикалық тәрбиеге де көп көңіл бөлінеді. Бұл үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілуде, соның бірі – мұражайларға саяхат. Көркемөнер мұражайында ерекше бір тылсым құпия жатқандай. Бұл жолы көрмеде қазақстандық суретшілердің туындылары және елорда күніне арналған "Астана – Тәуелсіз ел нышаны" фотокөрмесі қойылған. Көрмеде елордамызға виртуалды саяхат жасатқан 36 фотожұмыс болды. Бәйтерек, Астанамыздың сәулетті ғимараттары, Есілдің жағалауы, Астанамыздың тарихымен тығыз байланысты елбасымыздың суреті ілінген. Таныстырушының керемет сөздері суретшілер әлеміне кіргізгендей болды. Балалар бір суреттен екінші суретке ауыса отырып, бірде Астана көшелеріне саяхаттаса, бірде шексіз далада қалды, бірде жылқылар үйірін көрді, бірде Баянауыл тауларына көтерілсе, бірде тіптен бұрынғы заманнан болашаққа қыдырып қайтты. Осындай таңқаларлық көңіл-күймен үйге қайтар жолда автобус ішінде өз әсерлерімен бөлісті. Өз ойларын ашық айталмаса да, бастысы, баланың ішіндегі бар жүрегі тебіренді. Бір қуаныштысы, көптеген балалар сурет салуды ұнатады, ал кейбіреуі тіпті суретші болуды армандайды екен. Алда балаларды өлкетану мұражайына сапар күтіп тұрды.