Бір күн мектепішілік «Радуга» лагеріндегі балалар Павлодар қаласындағы Өлкетану мұражайына аттанды. Мектеп автобусымен емес, уақыт көлігімен Өткенге жол тартқан сияқтымыз. Ата-бабаларымыздың ғажап әлеміне кіргендей болдық: олардың еңбек құралдары, әшекей бұйымдары, тұрмыстық заттары, ежелгі жануарлар... Залдан залға өте келе, Отанымыздың қазіргі заманға дейінгі тарихи оқиғалармен таныстық. Өлкетану мұражайы – бұл қуана-қуана тарихымызға үңілдіретін және көңілсіз кітаптардағыдай емес, жетекшімен бірге ата-бабаларымыздан қалған тарихи жәдігерлердің бәрін өз көзімізбен қарай алатын орын. Балаларға Екібастұздағы көмір өндіру залы және екінші қабаттағы Павлодар тарихы қатты ұнады. Және ерекше әсер туғызған мамонттар мен бұландар қаңқасы болды. Осындай құпия көңіл-күймен балалар дәмді түскі ас күтіп тұрған лагерьге қайтты.
Өлкетану мұражайына саяхат