Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ойын карусель
13-07-2016 10:09
Ойын карусель

11 шілде күні мектепшілік "Радуга" лагерінде кезекті рет қызыққа толы керемет күн болды. Әдеттегідей, таңертеңгісін сергек жүруге арналған жаттығулар жасалды және күш жинау үшін дәмді таңғы ас ішілді. Бұл күні ОЙЫН КАРУСЕЛЬ-і іс-шарасы өткізілді. Таңғы астан кейін балалар ұлдар мен қыздар болып топтарға бөлініп, бүгінгі күннің жоспары бар жазбаларды қолдарына алды. Ұлдарға №1-жоспар түсті: спортзалдағы көңілді ойындар (жауапты: Жетписов Қ.Р.) және «Дені саудың – жаны сау» конкурстық бағдарламасы (жауапты: Оспанова А. К.). Ал қыздар таңдаған №2-жоспарда: «Әнді тап» музыкалық бағдарламасы (жауапты: Жақсыбаева Н.С.) және «Табиғат және біз» экологиялық іс-шарасы (жауапты: Дашина Н.К.). Бұл күні спорт залында нағыз күрес қайнап жатты және спорттық жарыстар барысында екі топ та өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, «МЫҚТЫЛАР тобы» және «ЖЕЛАЯҚТАР тобы» атты аталымдардың иегерлері болды. Басшылар сайысында Иванов Костя күшінде көптігінің арқасында қарсыласының қанатын алды. Жеке біріншілікте жылдамдығы үшін бірінші орынға Андрусенко Данил шықты, 2-орында – Безукладников Илья, 3-орында – Бексеитов Әділ. Дене шынықтыру мұғалімі сұрыптаған қызықты сайыстар көзді ашып жұмғанша өте шықты. Әрі №1-жоспардағы алаңға баратын кез келген еді. Акт залында балаларды әрі музыкалы, әрі қияли, әрі шығармашыл сайыстар күтіп тұрды. Әрбірінен жеңіспен өте отырып, іс-шарамызды би кешімен аяқтадық. Балалардың жадында түйген ең басты қағидасы: бірінші байлық – денсаулық. Ал қыздар бүгін «Әуенді тап» бағдарламасына тап болды. Қатысушылардың әрқайсысы өзін қаншалықты музыканы түсінетінінен хабардар болды. Қыздар берілген санаттар бойынша әндерді оңай таба білді: мультфильм, кинофильмдер әуендерін, достық туралы, мерекелер туралы және ең танымал санат – заманауи әуендер. Тартыс өте қызу жүрді және жеңіске лайықты болып «Русалка» қыздар тобы жеңіске жетті. Ал "Табиғат және біз" экологиялық шарда экологиялық мазмұндағы тапсырмаларды орындай келе, ғаламшарды құтқару керек болды. Балалардың өсімдіктердің атауларын білуі және өздерін ұстауы, экологиялық тапсырмалардағы қателіктерді табуы қуантарлық жайт болды. Дүниежүзілік шоколад күнінде барлық балаларды тәтті шоколадты сыйлықтар күтті. Бүгін әркім өз өнерлерін көрсете білді және жаңаша нәрселерді үйренді. Лагерімізде осындай қызықты да мағыналы күндің көп болғаны өте керемет!