Бүгін мектепішілік «Радуга» жазғы лагеріндегі балалар «Табиғат – біздің өміріміз» атты экологиялық шара үшін ауыл кітапханасына барып қайтты. Жануарлар мен өсімдіктер туралы викторинаға қатыса отырып, өздерінің тапқырлықтарын әрі ой-өрістерінің кең екендігін танытты. Кейбір тапсырмалар балалардың ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Кітапханашы апай кітапханаға қалай жазылуға болатынын және дұрыс кітап таңдау ережесін, кітаптың нені жақсы көретінін, неден үрейленетінін айтып берді. Балаларға арналған энциклопедиялар көрмесі бәрінің де қызығушылықтарын оятты, содан олар қуана-қуана суреттерді тамашалап, оқылғандарды талқылады. Өкінішке орай, әңгіме барысында тек 10 адам ғана жақында оқылған кітаптары мен авторларын атап бере алатыны анықталды. Бұл шара балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кітапханадағы оқырмандар санын көбейтіп жібергені хақ, біз соған сенеміз!
Табиғат – біздің өміріміз