Г.Х.Андерсеннің ертегілерінің беттерінен
Мектептің жазғы лагерінде кітапханада «Г.Х.Андерсеннің ертегілерінің беттерінен» атты шара өтті. Мақсаты: балаларды кітап оқуға баулу, ой-өрісін дамыту. Көрнекілік: ноутбук, проектор, кітап көрмесі, шараға арналған презентация, аудиокітап, караоке «Қар ханшайымы». Балалар қызығушылықпен «Ханның жаңа көйлегі»атты аудиокітапты тыңдады,викториналарды шешті,караокемен «Қар ханшайымы»әнін айтып,көрмедегі кітаптарды қарады. Шара балаларға ұнады, ойларымен бөлісті,қызығушылықтарын арттырды.