Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің астанам!
29-06-2016 14:06
Менің астанам!

2016-06-28 11.44.00 Бүгін «Радуга» мектепішілік жазғы лагерінің 10 адамы Павлодар қаласындағы Ертіс жағасында «Летние чудеса» жобасы бойынша өткізілген арнайы астана күніне арналған «Мелками на асфальте» атты қалалық флеш-моб акциясына қатысты. Топтың атын және мектеп ұранын таныстырғаннан кейін, «Менің астанам!» атты картинаның бөлігін алды. Біздің балаларға көгершін және пирамиданың бөлігін салу бұйырды. Жетекшілері Н.А.Болкова және Ж.Х.Хайдарова болған балалар бірлікпен жұмысқа кірісті. Картина толық аяқталуға жақын қалғанда, кенеттен өткінші болса да, жаздың жылы жаңбыры төкті. Ауа райының құбылмалығы балалардың көңіл-күйіне әсер етпеді, бәрінің де көңілдері көтеріңкі болды. Балалар керемет табиғатты және аспандағы бұлттарды сүйсіне қарап, кішкентай көлшіктерді баса автобусқа қарай жүрді.