13 маусымда «Радуга» мектепалды лагерінде күн гүлдерге арналды, музыкалық және спорттық сағаттар да гүлдерге арналды. Барлық іс-шаралар экологиялық бағытта болды. Барлық балалармен 12.00-ге дейін: «Гүлді сақта» спорттық сайысы, «Әуенді тап» музыкалық сағаты өткізілді, арт-студияда саусақтарымен сурет салу ісімен айналысты («Жасыл әлем»). Жалпы мерекеге 4 жасақтың балалары жиналды, олармен гүлдер туралы білімдері бағаланды. Жауапты тәрбиешісі А.В.Тюрина, 3 жасақ болды. Ең тапқыр және шығармашылық жағынан ерекшеленген 6 жасақ 1 орынға ие болды. Үш жасақ осы күні гүлдер туралы сайыстық бағдарламаға қатыса алмады, бірақ еш мойымады, себебі олар «Нептун» бассейніне барып қайтты. Балалар лагерьге өте көңілді қайтты, онда оларды тәтті түскі ас күтіп тұрды.
Гүлдер күні