Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Радуга» мектепалды сауықтыру лагерінің ашылуы
06-06-2016 08:49
«Радуга» мектепалды сауықтыру лагерінің ашылуы

1 Жазғы демалыс балалардың бос уақытының көптеген бөлігін құрайды. Осы кезең олардың шығармашылық потенциалын, тұлғалық мүмкіндіктерін жетілдіруге, әлеуметтік байланыс жүйесіне енуге, жеке жоспарларды іске асыруға, қызметтің маңызды сферасында тұлғалық жеке қызығушылықтарды қанағаттандыруға қолайлы. 02.06.2016 жылы Павлодар қаласының №40 мектебі жанында «Радуга» жазғы сауықтыру лагері ашылды. Біздің лагерь балалардың физикалық сауығу жүйесінің бөлігі болып табылады, әр баланы салауатты өмір салтына шақырады, сюжетті ойындар баланың қозғалыс белсенділігін дамытады. Осы жылы лагерьде 150 бала демалады. Ашылу саяхат түрінде өткізілді. Балалар жарыса отыра әртүрлі станцияларда болып, қызықты сайыстар орындады. Балалар «Музыкалық», «Қызықты жануарлар», «Айболит дәрігерде қонақта», «Простоквашино», «Спорттық», «Қызықты әткеншек», «Жас суретші» станцияларында болды. Балалар барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Соңында балаларды мерекелік ас пен тәтті сыйлықтар күтіп тұрды.