Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
03-05-2016 06:40
1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

4 Көктем айының ең жайдарлы алғашқы күнінде Қазақстан халықтарының бірлігі күні тойланады. Қазақстан Республикасында жүз елуден аса ұлт халықтары өмір сүреді. Біз Қазақстан халқымыз! Бізді, әртүрлі ұлт адамдарын біріктіретін достық – біздің жеңісіміздің кепілі. №40 ЖОББМ бастауыш бөлімінде 30.04.2016 жылы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған үшінші сынып оқушыларын «Жас Қыран» бірыңғай балалар ұйымының қатарына қабылдау рәсімі болып өтті. Сахнада әртүрлі тілде өлеңдер оқылды. Сыныптар бойынша ұрандар айтылды: «Біз бейбітшілік үшін!», «Соғысқа жоқ дейміз!», «Бейбітшілік!Еңбек!Мамыр!», «Бейбітшілікке-бейбітшілікпен!». Түрлі-түсті салюттар сияқты оқушылардың қолдарында жалаулар алаулап тұрды. Іс-шараның қатысушылары көктемгі табиғаттың жандануын сездіретін жақсы көңіл-күй қуатын алды, сонымен қатар 1 Мамыр барлық қазақстандықтарды топтастыратын жалпыға ортақ мереке екенін ұғынды. Осы мерекелік және көктемгі күні біз барлығына зор денсаулық пен амандық тілейміз! Әр жыл сайын біз Бірінші мамырды бақыт пен жан тыныштығы сезімімен қарсы алайық!