ДАНҚ МИНУТЫ
М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі, жетім, көп балалы отбасының балаларына арналған «Данқ минуты» атты облыстық фестиваль-шоу өткізілді. Осы іс-шараға үлкен, тату және өнерпаз Армандар отбасы қатысты. Олар өздерінің әуестіктері туралы айтты және жұмыстарын ұсынды. Отбасына демеушілік көрсетуге «Көмек» еріктілер отряды барды. Барлық қатысушыларға рахмет!