Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5 маусым «Тамақтану күні»
10-06-2015 02:05
5 маусым «Тамақтану күні»

«Радуга» лагерінде «Тамақтану күніне» арналған «Дұрыс тамақтану» тақырыбына іс-шара болып өтті. (Жауапты Оспанова Айгүл Қуандыққызы және «Ұшқалақтар» отряды). Іс-шараның мақсаты: балаларда денсаулыққа деген сақ қарым-қатынасты тәрбиелеу; пайдалы тағамның түрлерін көрсету. Іс-шара барысында «Ұшқалақтар» төртінші отрядының балалары қатысты, жақсы денсаулықты сақтау үшін қажетті қоректік заттары бар азық-түліктер болып өлеңдер оқып, азық-түліктердің пайдасы мен зияны көрсетілген слайдтар көрсетілімімен сөз сөйледі.

Ең үздік көкөністер мен жемістер киімі сайысы өткізілді. Әсіресе, есте сақталғандар: шалқан, пияз, шие және орамжапырақ.

Ең үздік көрсетілім номинациясына отрядтардың өнер көрсетулері:

«Балдырған » 1 отряды жаңа нұсқадағы «Шалқан» ертегісін көрсетті;

«Алау тобы» 2 отряды би биледі;

«Күн» 3 отряды «Көңілді қала» әнін орындады;

«Ұшқалақтар» 4 отряды жұмбақтар жасырды;

«Неугомон» 5 отряды өлеңдер оқыды.

Сонымен қатар «Пайдалы және зияндылар», «Сабағы мен тамыры» ойындары ойнатылды, жұмбақтар мен ребустар шешілді. «Кім жылдам» жарысы, әр түрлі көкністерден ең үздік қолөнер сайысы жүргізілді.

«Көңілді бақша» жаттығуы өткізілді, сонымен қатар, тамақтану гигиенасы туралы, дұрыс тамақтану туралы, асханадағы тәрбие туралы фильм көрсетілді.

Іс-шара соңында жеңімпаздарға мадақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар сыйланды.