Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Алтын қалам»
08-06-2015 06:14
«Алтын қалам»

2Жайма шуақ жаз келісімен № 40 жалпы орта білім беру мектебінің қабырғасында «Алтын қалам» атты бейіндік отряды оқушыларға өз есігін айқара ашты. Бұнда оқушылар өз уақытын пайдалы өткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Оқушылардың тырнақалды туындыларын оқырман назарына тарту етеміз.

Алға басып әрқашан қадамыңды,

Өрлейтұғын тұғырлар әлі-ақ мұнда.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болғандарға,

Әрқашан асулардан талмай самға!

Нұрғали Айгерім, 6 «а» сынып оқушысы

Сайран салып ойнайтын - жаз мезгілі,

Аптап ыстық болатын – жаз мезгілі.

Қуанышқа, шаттыққа да толы ғой,

Құстар келіп сайратын - жаз мезгілі.

Демалысқа шығатын – жаз мезгілі,

Құстар ән шырқайтын – жаз мезгілі.

Шомылуға өзенге күнде барып,

Тамаша ғой шынымен жаз мезгілі.

Арман Айдынгүл, 5 «а» сынып оқушысы