6 наурыз күні №40 Жалпы білім беру орта мектебінде 2а сынып оқушылары да аналары мен қыздарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арнап, «Ана – өмірдің шуағы, қыз – өмірдің қызғалдағы » атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекеде аналар, әжелер туралы тақпақтар айтылды.Сонымен қатар сынып әншілері Қабылбекұлы Бекарыс, Шәкім Ахметкемал, Толтомосқызы Зейнептің орындауларында ана туралы әндер де шырқатылды. Оқушылар аналарына арнап жасаған өздерінің сыйлықтарын табыс етті. Аналарды құттықтап болған соң, аналар мен қыздар арасында сайыстар өткізілді, ойындар ойнатылды.. Сайысқа қатысқан аналардың ішінде ерекше дайындықпен келген Толтомосқызы Зейнептің анасы Амангүл ханым өз қолымен 8 наурыз деп кестелеп жазып әкелгені таң қалдырды. Мереке аналардың көңілінен шығып, алғыстарын білдірді.
Ана – өмірдің шуағы, қыз – өмірдің қызғалдағы