Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мың бала» №40 мектепте жалғасты
02-05-2017 09:19
«Мың бала» №40 мектепте жалғасты
      2017 жылдың 28 сәуірінде түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейтін «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы Павлодар қаласының №40 жалпы білім беру мектебінде жалғасты. Жоба аясында өткен қалалық сайысқа «Нұр-Ана» әлемінің мүшесі Тілеуқор апа Нүркенқызы «ақ жол» тілеп, төрелік етті. Мектепішілік сайыста мемлекеттік тілге құрметпен қарап, меңгере білген 15 оқушы қатарластарынан озып шығып, қазақтың ұлттық киімін киіп сахна сәнін безендіре түсті.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. «Таныстыру» кезеңінде сөзді дұрыс айтуларына мән берілсе, «Шешендік өнер» кезеңінде қазақтың би, шешен, жырауларының шығармашылығынан үзінді тыңдап, сахнада мәнерлі де мәнді сөйлеу шеберліктерін бағалады.Үшінші «Викториналық сұрақ-жауап» кезеңінде оқушылардың тапқырлықтары мен танымдары тексерілді.
Жарыс қорытындысында бастауыш буын сайыскерлерінен 2 «б» сынып оқушысы Сайтмуллин Султан, орта буын қатысушыларынан 5 «б» сынып оқушысы Юрченко Анастасия және жоғары сыныптардан 8 «в» сынып оқушысы Латыпова Карина бірінші орынды алып, облыстық сайысқа жолдама алды. Катаева Нэлли, Лунева Любовь, Кучеренко Эдуард екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Гречина Евгения, Коновалов Евдоким, Беляева Галя алды. Қалған қатысушылар да алғыс хатпен марапатталды. Төрелік соңында Тілеуқор апа Байсарина жоба аясында өткен іс-шараны жақсы ұйымдастырып, абыроймен атқарғаны үшін қазақ тілі мұғалімдері : О.А Кабышева, Ә.Қ.Қаппасова, Ж.Т.Сергазинаға алғысын айтты. Мұғалім тілегін орындап, сайысқа қатысқан талапшыл оқушыларға ризашылығын білдірді. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы сайыста жеңіс тілеп, ақ батасын берді.
Аталмыш іс-шара жыл сайын тойланатын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тұс келіп, ұлттар ынтымақтастығын нығайта түскендей әсер қалдырды.