Мамандықты таңдау – жетістікке апарар жол
Кәсіби бағдарлау жұмысының шеңберінде 9-сынып оқушылары 22 оқу мекемесіне барып, колледждердің 16 өкілдері өздерінің презентацияларын ұсынды. Мектептің фойесінде «Мамандықтар әлемінде» атты ақпараттық стенд ресімделді. Мектеп психологы оқушылар мен ата-аналарға арналған кәсіби анықтау бойынша «Мен тұлғамын» атты ақпараттық хабаршысын шығарды. Сонымен қатар мамандықтарға бейімділікті анықтауға компьютерлік диагностика өткізілді.