Албасты күні
Мектепалды «Радуга» лагерінде 29 маусым балалардың қорқынышын женуіне арналған болатын. Балалар әртүрлі қорқынышты кейіпкерлердің киімін киіп алып, олардың онша қорқынышты еместігіне, зұлымдықты әрдайым женуге болатынына көздерін жеткізді. Мереке ұйымдастырушысы үшінші жасақтың тәрбиешісі И.К.Бегельдинова болды. Ол сайыстық-ойын бағдарламасының ұсақ-түйегіне шейін ойластырды, декорациялар әзірледі, сондықтан мереке ойдағыдай өтті. Бірінші жасақтың балалары елестердің киімін киіп керемет би биледі, ал екінші жасақтың балалары бірінші жасақтан қалыспай мыстан кемпірлер болып би биледі, бәрін таңғалдырған гипноздайтын биімен 3 жасақтың балалары болды. Мереке барысында балалар тапқырлық пен жігерді дамытатын сайыстар ұйымдастырды. Қорытындысында медальдар, мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар ұсынылды.