"Көкөністер, жеміс-жидектер– дәруменді өнімдер»
Бүгін, 30-маусымда, № 40 мектептің кітапханасында: "Көкөністер, жеміс-жидектер– дәруменді өнімдер» атты қызықты танымдық көңілді калейдоскоп өтті. Балалар түрлі-түрлі жемістер, көкөністерде және жидектер туралы жұмбақтарды жасырып,олардың тарихын танып,викторинаны шешті. Іс-шара балаларға ұнап, барлығы жеміс-жидек жайында өз ойларын ортаға салды.