Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ғылыми жобалар сайысы
14-10-2017 06:12
Ғылыми жобалар сайысы
      14 қазанда қалалық ғылыми жобалар сайысы өткізілді, онда Павлодар қаласының №40 ЖОМ оқушылары белсенді қатысты. Олар Синебрюкова Таисия ( 5 «Б» сыныбы ) –жетекшілері А.Қ. Күлдікова және Е.Ш.Томашева, Чичина Анастасия ( 3 «Г» сыныбы) –жетекшісі А.Қ. Күлдікова, Голиков Сергей (6 «Б» сыныбы) – жетекшісі А.А. Камзина.
      Синебрюкова Таисия әдебиет бағыты бойынша «Кеше, бүгін, ертеңгі кітап рюкзагы» тақырыбына жұмысын ұсынды. Аталған жұмыста оқушы өзінің сыныптастары мен олардың ата-аналарының оқырман қызығуышылығын талдауға алды. Сауалнама нәтижесін ұсынды, «Кітап және біз» атты оқуға ұсынылған әдебиет шығармалар тізіміне енгізілген сынып оқушылары мен ата-аналарының бірлескен отырысының барысын сипаттады. Сонымен қатар бастауыш мектеп оқушыларына арналған кітап жарнамасы мен аталған акцияның қорытындысы ұсынылды. Бұл жұмыс оқушыға өзінің ой-өрісін кеңейтуге, көптеген жаңа жазушылар туралы білуге, олардың шығармашылықтарымен танысуға, сыныптастарына басқаша көзбен қарауға, олардың әр түрлі екенін, не қызықтыратынын, толғандыратынын білуге, өздерінің ата-аналарымен жақындасуға, оқырман қызығушылығын жоғарылатуға көмектесті.
        Чичина Анастасия «Неліктен өзен түсі әртүрлі» тақырыбына зерттеу жұмысын ұсынды.
Аталған жұмыста оқушы келесі мақсатты ашты: Павлодар облысының негізгі өзені – Ертістің су беті түсінің өзгерудің жағымды және жағымсыз себептерін зерттеу. Анастасия су нысандарының түрлі-түсті географиялық атауларымен қызыға отырып, суреттері арқылы Ертістің түрлі-түсті гаммаларын бақылайды. Өз жұмысы барысында оқушы өзеннің ластануы туралы мағлұматтарды, тазарту әдістерін және мектеп оқушыларына өзенді қорғауда қандай көмек көрсете алатынын ұсынды. Тәулік, ауа райы, жыл мезгіліне байланысты өзен өзінің түсін өзгертсе де, адам өзеннің түсін өзгертпеуі керек деген қорытынды жасады. Тек осы жағдайда біз туған өлке өзенін, демек, денсаулығымызды сақтай аламыз.
Голиков Сергей «Павлодар ауылы аумағындағы жер аударылғандардың тағдыры» тақырыбына өз жұмысын ұсынды. Аталған жұмыста ауылда тұратын жер аудару үдерісін бастан кешкен тұрғындармен сауалнама бойынша жұмыс жүргізілді. Жұмыс нәтижесі ретінде жалпы адамзатық құндылықты құрметтеуге, бейбітшілікке шақыратын видеоролик болды.