Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Абай оқулары»
05-02-2018 15:08
«Абай оқулары»
      Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында ақпан айының екінші жұлдызында мектепішілік «Абай оқулары» өткізілді. Сайысқа қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде сайыскерлер Абай шығармаларын жатқа оқыса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде жас дарындар өз шығармашылықтары бойынша бақ сынасты. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде әділқазылардың әділ шешімі бойынша 1-орынды 5 «в» сынып оқушысы Королева Кристина, 7 «б» сынып оқушысы Шевченко Екатерина иеленді. 2-орынға лайық деп танылған оқушылар: 5«б» сынып оқушысы Зубкова Елизавета, 5 «в» сынып оқушысы Куличкин Никита, 5 «б» сынып оқушылары Хайдарова Диляра, Рейхерт Милена, 5 «а» сынып оқушысы Қайырбай Айым, 4 «в» сынып оқушысы Тюрин Никита. 3-орынды 5 «б» сынып оқушысы Туналинов Мирас, 7 «б» сынып оқушысы Глущенко Данил иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңі бойынша 8 «а» сынып оқушысы Арман Айдынгүл мен 6 «а» сынып оқушысы Мукашева Гулзат қатысты. Әділқазылар шешімі бойынша, екі оқушы да 1-орынды иеленіп, «Абай оқуларының» қалалық кезеңіне жолдама алды. Сайысқа қатысқан сайыскерлерді шын жүректен құттықтаймыз. Оқушыларды дайындаған мұғалімдерге алғыс білдіреміз.