Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ЗАРНИЦА» ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫ
28-02-2018 17:30
 «ЗАРНИЦА»  ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫ
    Бірнеше жыл бойы Павлодар қаласының №40 мектебінде «Зарница» әскери-спорттық ойыны өткізіледі. Осы жылы ойын Тәжік-ауған шекарасынан әскерлерді шығару күніне және Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды.
    Іс-шараның құрметті қонағы және бас әділқазы алқасы «Казбат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Семёнович Козак болды. Ойынға 7-11 сыныптарының 150 оқушысы қатысты. Ойын бағдарламасы үш негізгі кезеңнен тұрды:

 
I. Сапқа тұру байқауы
II. Жеке топтар жарысы
III. Қорытынды шығару.

 
    Ойын сапқа тұру байқауынан басталды. Содан кейін жеке жарыстарда «саперлер», «медбикелер», «тыңшылар», «аспазшылар» өз өнерлерін көрсетті.
    Әр командада бір мезгілде бөлімшелер бойынша жарыстар жүргізілді.
   Медициналық командасы үшін теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларына жарақат алғанда, сонымен қатар, жараланғанда және уланғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің әскери-спорттық эстафетасы өткізілді.
    Саперлер өз алаңдарын «миналап», қарсыластарының алаңын «минадан тазартулары» керек болды.
     Тапсырмалардың ең қиыны жедел құрамда болды: 50 м-ге жүгіру, винтовкадан ату, газтұтқыны кию, граната ату, «қарсыластың оты астында оқ-дәрілерді» тасымалдау.
   «Соғыс-соғыспен, ал түскі ас – кесте бойынша!» демекші, аспазшыларға әскери жағдайда от жағып, әскери ботқаны пісірулеріне, содан кейін бүкіл «әскерді» тамақтандырып, ыстық шәймен жылытуға біраз тер төгулеріне тура келді.
   Осы іс-шараның ұйымдастырылуы және өткізілуі 10-шы және 11-ші сынып оқушыларына байланысты болды. Ойынның өткізілуі барысында олар әділқазылар алқасының көмекшілері, «Зарница» әскери-спорттық ойыны қатысушыларының көмекшілері қызметін атқарды.
  Орындалған тапсырмалардың нәтижелері бойынша «Зарница-2018» бөлімшелерінің ішінен «Қызылдар» командасы жеңіске жетті! Барлығы үйлеріне біраз шаршап, жақсы көңіл-күймен қайтты!