Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар»
17-04-2018 08:32
«Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар»
    16 сәуір күні мектебімізде 5 – 9 сыныптар арасында «Тіл апталығы» аясында түрлі іс-шаралар өткізілді. Шараға оқытылуы орыс тілінде жүргізілетін сыныптар қатысты. 6-шы сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс сабағы өткізілді.Бірнеше бөлімнен тұратын бұл сайыста оқушылар тобы болып екіге бөлінді. Сайыс сабақ барысында олар түрлі сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдерді толықтырып, сөз құрастыру сайысында жақсы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар 8 – 9 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар» атты сайыс сабағы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар «Сәлем – сөздің анасы», «Жыл он екі ай», «Кім тапқыр?», «Кім жылдам?», «Кім көп біледі?», «Білгенге маржан», «Сын сағаты», «Ұшқыр ой» атты бөлімдер бойынша сайысқа түсіп, сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдерді білу сияқты тақырыптар бойынша тапқырлықтарын көрсетті.