«Мектеп кітапханасының жұмысындағы заманауи аспектілер»
![«Мектеп кітапханасының жұмысындағы заманауи аспектілер»](/media/img/blogs/5b2cb49e25894.jpg)
20-23 маусым ПМПУ Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы, Павлодар облысының мектеп кітапханаларының әдістемелік семинарын өткізді. Семинардың тақырыбы «Мектеп кітапханасының жұмысындағы заманауи аспектілер». 20 маусым, семинардың алғашқы күнінде №40 ЖОМ кітапханашы Жақсыбаева Нағима Сагындыковна «Любовь к чтению через массовые мероприятия» тақырыбымен тыңдаушылардың алдында сөз сөйледі. 22 маусым, семинардың практикалық бөлігі №40 ЖОМ кітапханасыңда өтті, мектеп кітапханашылары жұмыс тәжірибесімен бөлісіп мастер-класс өткізді.