Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің пірім - Мұқағали»
18-10-2018 11:32
«Менің пірім - Мұқағали»
      2018жылдың 8 қазанында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қаланың жалпы білім беру мектептерінің 7 - 11сынып оқушылары арасында «М. Мақатаев оқулары» байқауы өтті.Байқауға қала мектерінен жиырмадан астам оқушы қатысты. Біздің мектеп оқушылары да ақиық ақын сайысынан тыс қалған жоқ. Сайыстың мақсаты - қазақ классиктерін оқу және білу, туған жеріне,өлкесіне сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау.
    «М. Мақатаевоқулары» байқауы алты бағыт (номинация) бойынша өткізілді. Сайыстың «Менің пірім - Мұқағали» алғашқы бағытында оқушылар Мұқағалидың бір өлеңін оқыды. Осы номинацияда сахнадағы сана сезімі, өзін ұстау мәдениетіне көп көңіл бөлінді.
     «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» - қатысушы өзінің шығарған шығармасын жатқа оқыды.
«Жыр эстафетасы» - «Райымбек, Райымбек», «Ару ана», «Ақ қайың», «Мұзбалақ» тағы басқа поэмаларды жатқа оқуы бойынша додаға түсті.
    Үшінші сайыста берілген сөзді пайдаланып қара өлең ұйқасымен тақырыпқа сай қысқаша өлең құрастыру жүктелді.
Келесі кезекте «Өлеңнен өрілген ой» бағытында қатысушылар берілген өлең бойынша ақынның туындысын талдау. Мұнда шешендігі, сөз тапқырлығы, зеректігі ескерілді.
«Мұқағали мұрасын кім көп біледі» - ойын-викторина (блиц-сауалнама) белгіленген уақытта, яғни бір минутта сұрақ қойылды. Сол сұраққа қанша жауап болса, сол ұпай болып саналды.
     Сайыс қорытындысы бойынша тыңғылықты дайындық пен тынымды ісімен ерекшеленіп, №40 мектебіміздің 8 «а» сынып оқушысы Қызыр Айжан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл - пән мұғалімі мен жүктелген жауапкершілікті абыроймен арқалап алып шығуға жүргізілген екі жақты еңбектің нәтижесі. Қойған талап пен сенімді мінсіз орындай алған Айжанға әлі де білім биігінен көріне беруіне тілектеспіз.