ҚАНАТ КАҒУ
21 қарашада ИнЕУ-де жас тілшілердің «Қанат қағу» атты облыстық фестивалі өткізілді. Осы іс-шарада біздің жас тілшілеріміз – Диля Адепбай, Саида Ахтамберов және Дарья Антюшина «Сәлем - Здравствуй» атты мектеп газетін таныстырды, өз жұмыстары туралы айтты. Олар Германиядан келген журналистика бойынша сарапшы Петер Шрайбер өткізген «Мастерской журналиста: «Мы делаем новости» шебер-сыныбында болып қайтты. Фестиваль аяқталысымен қорытындысы шығарылып, дипломдар ұсынылды.