Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп оқушыларының үздік спорт түрі
31-01-2019 14:30
Мектеп оқушыларының үздік спорт түрі
     Павлодар ауылының аумағында орналасқан "Нұртас" балалар спорт клубында грек-рим күресімен айналысу Павлодар қаласының № 40 ЖОМ көптеген ұлдарының сүйікті қызығушылығына айналды. Клубтың директоры және жаттықтырушысы грек-рим күресінен спорт шебері, Қазақ ССР-нің бірнеше дүркін чемпионы Самокиш Валерий Михайлович.
      Бүгінгі таңда Валерий Михайловичтің тәрбиеленушілері әр түрлі деңгейдегі қалалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жетті. Олардың барлығы біздің мектептің оқушылары. Қаңтар айында Павлодар облысының Чемпионатында грек-рим күресі бойынша жарыстар мектеп оқушылары үшін жеңіспен аяқталды – І орынды 10 сынып оқушысы Ерхат Шакубаев, ІІІ орынды - 9 сынып оқушысы Олжас Нұрғали, 7 сынып оқушысы Вадим Катков, 10 сынып оқушылары Сағындық Сәрсенбай, Диас Мұқатаев иеленді.
     Шакубаев Ерхат ақпан айында Алматы қаласында өтетін республикалық чемпионатта Павлодар облысының намысын қорғайды.
     «Егер мұғалім өз ісіне және оқушыларға деген сүйіспеншілікті біріктірсе, ол-кемел ұстаз». Мұндай мұғалім, шын мәнінде, Самокиш Валерий Михайлович», - деп атап өтті мектеп директоры Любовь Владимировна Задубняк. Валерий Михайлович 1980 жылдан бастап бапкерлік жұмыспен айналысады. Мектептің әрбір төртінші баласы оның оқушысы. Олардың көпшілігіне ол физикалық қасиеттерді дамытуға ғана емес, өмірде өз орнын табуға, теріс қылықтардан аулақ болуға көмектесті.