Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің борышымыз - білу және есте сақтау
28-02-2019 16:49
Біздің борышымыз - білу және есте  сақтау
     Отан аумағынан тыс жерлерде қызмет борышын атқарған сарбаздарды еске алуға арналған «Біздің борышымыз–білу және есте сақтау»атты іс – шара өтті, оған интернационалист-жауынгерлер: Фоменко Виктор Александрович, Бейсенов Хамза Темірболатұлы, Жаменкин Марат Мақсатұлы, Козак Геннадий Семенович шақырылды.
    2019 жылғы 15 ақпандаКеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толды. Шептерді қорғай отырып, кеңес жауынгерлері өз борыштарын абыроймен орындады. Бұл іс-шарада оқушылар Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу себептері, Ауғанстанның үкіметтік әскерлері мен Кеңес әскерлерінің бірлескен әскери әрекеттері, сарбаздардың ерлігі мен батылдығы туралы білді. Соғыс кезіндегі қиын жағдайлар туралы және жергілікті тұрғындарға кеңес жауынгерлері көрсететін көмек туралы, кеңес тарапының шығыны 15 мыңнан астам адамды құраған соғыс туралы.
     Бұл күні Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтеп, рухтың жоғары Күшін, қайсарлығын, батылдығын көрсеткендерді еске алды. Оқушылар алдында «Қазбат»Тәжік-Ауған қақтығысы жергілікті соғыстары жауынгерлерінің қоғамдық қорының төрағасы, «Айбын»ардагерлер кеңесінің төрағасы Козак Геннадий Семенович сөз сөйледі. Ол жаудың енуінен шекараны қорғаған және қорғайтын сол күндер мен жас қызметтестердің оқиғалары туралы айтты.
     Тынников Рустам Нажмидинович бұл оқиғалар туралы айтып қана қоймай, Әскери Даңқ мұражайының экспонаттарын ұсынды.  Кездесу барысында оқушылар мен қонақтардың орындауында әндер, өлеңдер оқылды, қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, күші мен патриотизмі туралы бейнероликтер көрсетілді. Барлық қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Соғыс туралы айту қиын, бірақ біз оны ұмытуға хақымыз жоқ.