Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бақыт жолы біліммен табылады...
27-12-2010 18:00
Бақыт жолы біліммен табылады...

Мектебіміздіе жуықта желтоқсан айының 18- нде Алимханқызы Серікгүл жетекшілік еткен 1«а» сыныбының әліппемен қоштасу ертеңгілігі ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда кеше ғана мектеп есігін ашқан жас бүлдіршіндердің, үш ай мерзім уақытта білім мен қатар түрлі өнерлерді игеріп шыққанына ата-аналар куәгер болды. Бірі мәнерлеп өлең оқыса, бірі тамылжыта ән айтып, енді бірі би өнерімен көпшілікті сусындатты. Жасынан әнді тамылжыта орындап , түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындар иеленіп жүрген Амантай Дариғаның «Бала тілегі» әнін тамылжыта орындауы ата-аналар көңілінен шығып, жақсы әсер қалдырғаны сезіліп тұрды. Сәбитұлы Жұмабек қазақтың «Қара жорға» биін, Әдепбай Диля қытай халқының биін билеп көрермендерді таң қалдырса, сынып оқушыралы «Балапан» биін нақышына келтіре билеп барлық ата-аналарды риза болдырды. Сондай-ақ өнермен қатар олардың оқу, жазуды өтежақсы меңгеріп шыққандары осы шара барсында аңғарылды. Ертеңгілік соңында ата-аналар сөз алып балаларының жоғарғы дәрежеде өнер көрсетіп, білім алып жатқандарына риза болып мектеп ұжымына, сынып жетекшісіне алғыстарын білдіріп, бүлдіршіндерінің білімнің биік шыңынан көріне беруін тілеген жылы сөздерімен аяқтады.

Мектеп ұжымы атынан бізде балдырғандарды баға жетпес білімнің асыл жолында әрқашан биіктен көрінуін тілейміз!

Бастауыш сынып пән бірлестігі