Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
05-06-2019 16:58
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
     4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Аз уақыт ішінде аталған күн ұрпақтар сабақтастығына қажет дәстүрлерді игеріп үлгерді.
Бұл күні мектеп жанындағы жазғы лагерьде тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру, рәміздерді құрметтеуге,қастерлеуге шақыру, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру , туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
      Тәрбиешілер Тоқсамбаева Б.А. ,Чехова И.В.рәміздердің шығу тегімен, тарихымен таныстырды. Рәміздерді білудің қаншалықты маңызды екендігін тілге тиек етті.
Тақырып бойынша слайдтық бағдарлама көрсетілді, балалар еліміздің тарихы, салт-дәстүрі, рәміздері бойынша сұрақтарға жауап берді. Шара барысында оқушылар білімдерін ортаға салып, белсенділік және жинақылық таныта білді.