Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ақберен» сайысы
14-01-2020 10:58
«Ақберен» сайысы

Қысқы демалыстан кейінгі үшінші тоқсан Павлодар қаласының № 40 жалпы білім беру мектебінің оқушылары үшін «Ақберен» республикалық байқауының алғашқы кезеңіне қатысумен басталды. Сайысты  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында   өткізеді. Байқаудың мақсаты мен міндеті: жас дарындар арасынан  гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан –жақты өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, ұлттық ортаны қалыптастыруға  жол көрсетіп, шешендік әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік  шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау еді.

Республикалық байқауға қатысушылар алты бағыт бойынша бақ сынады.

1. Шешендік өнер; 2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза драма); 3. Шығарма (2 сағаттық еркін тақырыпта); 4. Ұлттық аспапта ойнау( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);   5. Ақындар айтысы; 6. Ақындар мүшәйрасы.

Сайыс қорытындысында еркін тақырыпта «Шығарма» бағыты бойынша ақындық шеберлігін көрсетіп 11 «А» сынып оқушысы Нұрболат Марал 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал «Ақындар мүшәйрасы»бағытына қатысқан екі оқушымыз 10 «А» сынып оқушысы Арман Айдынгүл мен 8 «А» сынып оқушысы Мукашева Гүлназ  Құрмет грамотасын иеленді. Сондай-ақ, 9 «А» сынып оқушысы Қызыр Айжан «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша қатысып,  жетім қыздың  монологын оқып  қатысушылардың көздеріне жас ұялатып, тамаша өнер көрсетті.

Бұл - пән мұғалімі мен жүктелген жауапкершілікті абыроймен арқалап алып шығуға жүргізілген екі жақты еңбектің нәтижесі. Қойған талап пен сенімді мінсіз орындай алған оқушыларға әлі де  білім биігінен көріне беруіне тілектеспіз.