Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№40 ЖОМ жанындағы "Балақай" шағын-орталығы
03-02-2011 18:00

Біздің шағын орталық - баланың өсіп дамуы мен , жеткілікті деңгейде мектепке дейінгі білімді алудың , ересектерден айналаға деген көзқарасымен балалардың көзқарасының сәй кестігінің кепілі болып табылады .Балақай шағын орталығында тәрбиешілер жас жүректің үлкендер шакырған тәртіп пен тәрбиесіне құлақ асуға үйретеді .

Балалардың жан - жақты толыктай дамуына, тәрбиеленіп , білім алуына өте жақсы жағдай жасалынған , мұнда; кең де жарық әсем топтар , жатын бөлмелер , дене шынықтыру және ән-әуез залы ,осыған қоса басқа да бала жанын жадыратар дүниелер өте көп.

Біз де шағын- орталықта тәрбиеленіп жатқан балалармен қоса жылдан жылға жаңарып , өсіп , дамитынымызға сенімдіміз. Жанымыз жаңалыққа өте құмар, өзімізге бұрыннан таныс. Қазіргі заман технологияларымен атастырып, жаңғыртып отырамыз. Сонымен қатар біздің шағын -орталықта білікті мамандар тәжірибесімен , ата-аналармен , балалық шақтың балдай тәтті әлемінің қызықтарымен танысқысы , біліскісі келетіндердің ой пікірімен бөлісуге де толықтай мүмкіндіктер бар.

Бұл сайттың ашылу себебі де сондықтан. Ендігі уақыттың еншісінде ата – аналарға «Балақай» шағын- орталығында өткізілетін маңызды іс- шараларды , мерекелер мен концерттік бағдарламалардың , ашық сабақтар жоспарларымен таныса отырып ,тіпті төлемакы уақытын да біліп отыруына зор мүмкіндік туып отыр.

Ал , шағын -орталыққа таңдау жасамаған немесе біздің шағын орталықпен енді танысқалы жатқан ата – аналардың өз сайтымыздың ішінен. Біз туралы және Біздің кадрлар және мәліметтер деп аталатын беттеріміз қызығушылығын арттыруы сөзсіз.

Өздеріңізді толғандыратын мәселелер мен көкейде жүрген сұрақтарыңыз, бізге арналған арнау тілектерінізді электрондық мекен жайға жіберулеріңізге әбден болады.

Біз жасап жатқан жұмыстар туралы әлі де білгіңіз келе ме?

Құрметті Ата – Аналар ! Балаңыздың тәрбиесі мен білімі сізді ойландырар болса, оның аялы алақанда қамсыз балалық шақтың бал татыған кезеңдерін өткізуге сенімді болғыңыз келсе, - бізге келіңіз! Сіздерді қарсы алуға біз дайынбыз. Біздің сайт арқылы «Балақай » шағын- орталығындағы жүргізілетін жұмыстарын көре аласыздар:

1. Балалардың эстетикалық тәрбие алуы басты назарда: ән әуез және би үйірмесі, бейнелеу өнері, ағылшын тілі, қазақ тілі (орыс топтарында)

2. Балаға эстетикалық тәрбие беруде: Ән – әуез тәрбиесі.Би өнері – ритмика мен хореография : ойнау , театралдық қабілет .

Ән – бала қуанышының басты көзы. Балалармен жүргізілетін ән сабағының басты міндеті – баланың қабылдай алу қабілетін, эмоциялық және ән сала білу бейімділігін арттыру.

Воспитатель: Каленова А.А.