Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ата-аналар назарына.
11-02-2011 08:02

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  білім және ғылым саласын бақылау  бойынша Комитетінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 5 «2011 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес мектепте 4, 9 сыныптарда мемлекеттік аралық бақылау өткізіледі. Мектебімізде МАБ -ға 4 сыныптан 47 оқушы, негізгі сатыдан 61 мектеп бітіруші қатысады.

Үстіміздегі жылы төртінші сыныптар үшін МАБ пәні ретінде математика берілсе, тоғызыншы сыныптарға: қазақ тілі, шет тілі және математика пәндері берілген.

 

Төртінші сынып оқушылары үшін – 20 сұрақ беріледі, оған 45 минут уақыт бөлінеді; ал тоғызыншы сыныптар үшін - әр пән бойынша 30 сұрақтан, әр пәнге 45 минуттан уақыт беріледі.

МАБ өткізілетін аудиторияларда 25 оқушыдан артық болмауы қажет, оқушылар қабырға сағатына қарап, әр пәнге жіберген уақытты қадағалай алады. аудитоиядағы кезекші мұғалімнен басқа Сонымен қатар тақтада жұмыстың (тестілеудің) басталу уақыты және аяқталуы көрсетіледі. Оқушылар үш пәнге 2 сағат 15 минут бойы жауап береді. (таза уақыт) Жауап парағы бланкісін толтыру (оқушының тегі, аты-жөні, сыныбы) уақыты бұл кезеңге кірмейді.

Әр балада өз нұсқасы, өзінің жауап толтыру бланкісі болады.

 

МАБ – білім беру ұйымдарында ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды өткізудің типтік ережелеріне сәйкес өткізілетін, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру бағдарламасының игерілуін тексеретін жыл сайынғы іс жосығы, сонымен қатар МЖБС талаптарына сәйкес оқушылардың білім деңгейін бағалау мақсатында өткізілетін ішкі сараптама.