Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
23-ақпан күні біздің мектебімізде айрықша шара өткізілді.
24-02-2011 11:42
23-ақпан  күні біздің мектебімізде айрықша шара өткізілді.

Тіл –ең қуатты күш, ең құнды дүние ұлылық пен рухтың қайнар көзі.

Бүгіннен басталатын болашақтың тағдыры, тіл мәртебесін көтеру әрбір азаматтың борышы болып  табылады.

Халқымыздың ғасырлар бойы күткен ақ арманының бір куәсі ана тілінің мәртебесін биік деңгейге көтеру болды. Біртіндеп жеткен бүгінге дейінгі  нақты іс-шаралардың арқасында мемлекеттік тілде сөйлейтін жастар мен  жасөспірімдер саны күннен-күнге көбеюде.  Мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, ана тілін үйренушілерге өз еңбегі, жоғарғы деңгейде ұйымдастырушылық қабілеті мен көрініп жүрген Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы  Әбілқасымов Талғат Шайкенұлы  «Ана тілі» орталығы директорының міндетін атқарушы Мамбетова Зәуре Әбусағитқызы, тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бөлімінің бастығы Байбакиров Нұрлан Жұмабекұлы, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Мұқашева Құралай Серікқызы  бастаған құрметті қонақтар келді. Шараның басты мақсаты  елбасының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту жөніндегі бағдарламасын талқылау, көпшілікке насихаттау

Шара мектеп директоры Әндіржанова Балнұр Манапқызының сөзімен басталды. Шараның негізгі мақсатын айқындағын директор сөзінен соң,

оқу ісінің меңгерушісі Кожахметова А.А мектептің «Кәусар бұлақ» жобасымен таныстырып, жобаның бүгінгі жайы мен келешегі туралы келген қонақтарға толық мәлімет берді.

Сондай-ақ мектебімізде әдет болып қалыптасқан әр айдың сәрсенбі күнін «Қазақша сөйлесейік» акциясы өтілетіні туралы  9 «А» сынып оқушысы Петрова Ксения толық ақпарат беріп, өзінің қазақ тілінде еркін сөйлей білетіндігін көрсетіп таң қалдырды.   

Шараның негізгі арқауы болған  Әбілқасымов Талғат Шайкенұлының тілді меңгеру жайлы айтылған әңгімесі оқушылар мен ұстаздардың көңілінен шығып, шын ықылас ниеттерімен тыңдады. Елбасының саналы да, салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің де біртіндеп мемлекеттік тілді меңгеруге ықыласы күн санап артып келе жатқаны жайлы айтып өтті.

 

Осы іс -шараның ең басты жаңалығы тіл үйренушілерге арнап  «Ана тілі» орталығы директорының міндетін атқарушы Мамбетова Зәуре Әбусағитқызының наурыз айынан бастап   мектеп басшылығымен бірлесе отырып тегін үйірме ашып беретіндігі  жайлы болды.

Шара соңында мектеп директоры Әндіржанова Б.М келген қонақтарға рақмет айтып, мектебіміздің өзінен шығатын «Сәлем», «Здраствуй» газеттерін сыйға тартты. Бүгінгі шараның жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын айта келе,     баға жетпес қымбат сыйлық ретінде өздерінің шығарған электронды оқулығын және кітаптарын ауыл әкіміне және мектеп директорына табыс етті.

 

Сөз соңында айтарымыз:

                                 Туған тілі тірлігімнің айғағы,

                                 Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

                                 Өссе тілім мен де бірге өсемін,

                                 Өшсе тілім менде бірге өшемін деп  ақын

Әбділда Тәжібаев жырлағандай тілім деп күресетін әр қазақ  күннен-күнге көбейе берсін демекпіз! Жақсы істер жалғасын таба берсін!   

 

 

Хажым А.