2020 жылғы 9 желтоқсанда № 41 ЖОБМ ММ тарих пәнінің мұғалімі О.С. Авдеюк «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында «Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекетті қалыптастырудың қажетті факторы» атты құқықтық сағат өткізді.
Құқықтық сағатты өткізудің мақсаты құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы қажетті фактор ретінде Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәдениеттің негізгі мәселелеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру болды.
Құқықтық сағат барысында 9-11 сынып оқушылары Қазақстандағы құқықтық мәдениеттің негізгі ұғымдарымен танысты. Сонымен қатар, білім берудің маңызды мақсаттары құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру, негізгі құқықтық нормаларды білу және мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана білу, өз құқықтарын қорғай білу болуы тиіс деген қорытындыға келді.