Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан дейтін менің бар елім, жатыр алып жарты дүние әлемің».
10-12-2020 09:18
«Қазақстан дейтін менің бар елім, жатыр алып жарты дүние әлемің».

Бүгін, 10 желтоқсан күні 6 сыныптар арасында ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Қазақстан дейтін менің бар елім, жатыр алып жарты дүние әлемің» атты танымдық сағаты өтті. Шара Қазақстан елінің жері, рәміздері тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеді. Танымдық сағатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Керейбаева Қарашаш Қайыртасқызы мен Ермекова Арайлым Қуатбекқызы ұйымдастырды.
Шарада  «Біз осында тұрамыз» (6 «А» сынып),  «Патриоттар» (6 «В» сынып), «Жас талап» (6 «Б» сынып), «Танымдық» (6 «Г» сынып), «Жас қыран» (6 «Д» сынып) топтары қатысты. Танымдық сағат барысында балаларға еліміздің тәуелсіздік жолында күресі жайлы ақпарат беретін бейнеролик көрсетіліп, тарихи деректер айтылды. Сонымен қоса, оқушылардың білімдерін шыңдау мақсатында «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Бәйге», «Тәуелсіздік нышандары, «Тарихи күнтізбе» ойындары өткізілді. Zoom платформасында өткен танымдық сағатта оқушылар белсенділік танытып, жылдам жауап беріп отырды.
Шара қорытындысы бойынша, командалар жүлделі орындарға ие болды. Жүзден жүйрік атанып, 1 орынды «Жас талап» командасы, яғни 6 «Б» сынып оқушылары иеленді. Жүлделі 2 орын 6 «Д» сыныбының тобы алса, 3 орындарды 6 «А» және 6 «В» сыныптарының оқушылары бөлісті.
Танымдық сағатқа қатысқан 6 сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіремізді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!