"Тәуелсіздік жолында» зияткерлік марафоны".
12 желтоқсанда 7-сынып оқушылары ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына виртуалды саяхат жасады. «Тәуелсіздік жолында» зияткерлік марафоны басталды, оның қорытындысы бойынша мереке қарсаңында ең белсенді, ең нәтижелі сынып, сондай-ақ жеке біріншілікте көшбасшылар жарияланады.