Cторителлинг «Әлихан Бөкейханов-халық бостандығы үшін күрескер»
5 наурыз күні №41 ЖОББМ кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, "Алаш" қозғалысының жетекшісі, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай 9 сынып оқушылары үшін «Әлихан Бөкейханов-халық бостандығы үшін күрескер» атты сторителлинг өткізілді. Мектеп оқушылары Әлихан Бөкейхановтың өмірбаянымен және саяси қызметімен танысты, оның монографиялары, саяси публицистикасы, қазақ әдебиеті туралы зерттеулері 7 томдық шығармалардың толық жинағында ұсынылған.