Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы
![Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы](/media/img/blogs/6078eaeae3ef9.jpg)
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде № 41 ЖОББМ кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу мәселелері бойынша бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысында ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасы, психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы мен әдістері талқыланды. Сонымен қатар, интернеттегі қауіпсіздік және ата-ана бақылауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша ата-аналар чаттарына жадынамалар таратылды.